Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облыстық ПД-да жедел кеңес өтті

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің бекітілген бағалау критерийлері негізінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Маңғыстау облысының полиция департаменті 2025 жылдың І тоқсанында көрсеткен қызметінің қорытындысымен еліміз бойынша үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған орай департаментте кеңейтілген жиналыс өтіп, онда атқарылған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Жиын барысында департамент басшысы облыс әкімінің атынан және жеке өзі атынан қызметтік міндеттерін адал орындап, кәсіби біліктілігін көрсеткен бірқатар қызметкерге алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ жиналыс барысында нашақорлықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты нашақорлық пен жол-көлік оқиғаларынан бөлек, отбасылық зорлық-зомбылық, бұзақылық, алаяқтық, интернет-алаяқтық және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады.

Бұл бағыттағы шаралар еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру