Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті

Түркістан облысында полиция ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғаш рет ведомство жанынан есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Сахов тағайындалды.

Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев,  О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды. Полиция тарапынан бұл азаматтарға арнайы куәліктер табысталды. Яғни есірткі қылмысына қарсы күрес, заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағытында полиция, азаматтық қоғам және танымал тұлғалар күш біріктірді.

Айта кетер болсақ, Түркістан облысында полицейлер осы жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 113 деректі анықтады. Заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі. 3 айда 311 түсіндірме шараларын өткізіп, оған 34 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сондай-ақ 305 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. 50 есірткі жарнамалайтын жазба өшірілді. Қызметтік иттердің көмегімен адамдар көп шоғырланатын орындарда 40 рейд жүргізілді.

 

Жиын соңында кеңес мүшелері ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізіп, естелікке суретке түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру