Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тәртіп сақшылары сап түзеп, қауіпсіздікке дайындықты пысықтады

Алматыда "Қауіпсіз жол" және "Жасөспірім" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында біріктірілген полиция жасақтарының бірыңғай саптүзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың өзі басшылық етті.

Жиын барысында Мемлекет басшысының "Заң және Тәртіп" қағидаты және ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясындағы негізгі міндеттер жеке құрамға еске салынды. Әсіресе жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

— Алматы полициясы Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді. Заң мен тәртіп – біздің қызметіміздің іргетасы. Әрбір тәртіп сақшысы азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Өз борышын адал атқарып жүрген қызметкерлерге алғысымды білдіремін, — деді ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Саптүзеу кезінде қоғамдық тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция мен өзге де құрылымдардың үздік қызметкерлері арнайы марапатталды.

Тәулік бойы тұрғындардың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларының бұл жиыны — ішкі істер органдары жүргізіп отырған кешенді профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Сонымен қатар бұл — полицияның бірлігі мен ел алдындағы жауапкершілігіне деген дайындықтың көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру