Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Павлодарда жаяу жүргіншіні елемеген жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда полицейлер жол жүру қауіпсіздігін жіті бақылайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаяу жүргіншілер өткелі – қауіпсіздік кепілі. Алайда бұл ережені елемей, жолда абайсыздық танытатындар бар. Заңға сәйкес, жаяу жүргінші өткелге қадам басқан сәтте жүргізуші дереу тоқтап, оған жол беруі тиіс. Ал жаяу жүргіншілер өз кезегінде жолға шығар алдында алдымен солға, сосын оңға қарап, сақтық шарасын ұстануы қажет.

Өкінішке орай, өмірде бұл талап әрдайым орындала бермейді. Жүргізушілер өткелден өтіп үлгермеген адамға жол бермей, салдары қайғылы оқиғаларға ұласуы мүмкін.

Мысал ретінде Павлодар қаласындағы жағдайды келтірсек, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Катаев пен Циолковский көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермей, жол қозғалысы ережесін бұзды. Осы тәртіпсіздігі үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жолда мұқият болуға, қозғалыс кезінде сақтық шараларын ұстануға және апатты жағдайларға жол бермеу үшін жаяу жүргіншілер жолағына кенеттен жүгіріп шықпауға шақырады.

"Заң және Тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыты. Ереже бұзғандар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру