Қызылордада полицейлер есірткіге қарсы спорттық турнир ұйымдастырды
Қызылордада полицейлер есірткіге қарсы спорттық турнир ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында жыл сайынғы спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара шеңберінде қазақ ұлттық спорт түрлері - асық ату, арқан тарту, батпан көтеру, ләңгі, қол күрес, бұқа тартыстан жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа бес бөлімшенің пациенттері қатысып, өздерін лайықты көрсете білді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан үздік болып шыққан 10 спортшы белгіленіп, оларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін полиция және медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.