СҚО-да ПД бастығы аймақты қайықпен аралап, жеке құрамның жұмысын үйлестірді
СҚО полиция бастығы Заречный кентін қайықпен аралап, жеке құрамның жұмысын үйлестірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуір кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавл қаласындағы Заречный кентіне барды. Құрлықпен қатынау мүмкін болмаған елді мекенге олар қайықпен жетті.
Департамент бастығы елді мекенді қайықпен аралап, су тасқыны қаупі жағдайында полиция және басқа да қызметтердің жұмысын үйлестіру, ахуалды жеке өзі бағалау мақсатында іссапар жасады.
Қазіргі уақытта Заречный кентіне тек қайықпен және аса мұқияттылықпен жетуге болады. Облыстық полиция ведомствосының басшысы су басу қаупі бар аймақта тәулік бойы қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жұмысын тексерді.
Полицейлер құтқарушыларға көмек көрсетіп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар олар қайықпен қатынайтын әрбір адамның қозғалысын бақылауда ұстап отыр.
Бұдан бөлек, генерал-майор Айдын Қабдұлдинов СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты "ЕС 164/3" мекемесінің және ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №66 мекемесінің су тасқыны жағдайында әрекет етуге дайындығын тексерді.
Тәртіп сақшыларының жауапкершілік аймағында азаматтардың мүлкін сақтау мәселесі де бар. Полицейлер жергілікті тұрғындарға кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын.