Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны тауып алған мылтығын ерікті түрде полицияға тапсырды

СҚО тұрғыны тауып алған мылтығын ерікті түрде полицияға тапсырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тіркелмеген қаруды тұрғындардан сатып алу акциясы шеңберінде Есіл ауданының полиция бөліміне 58 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өз еркімен ТОЗ-8 мылтығын тапсырғысы келетінін айтқан. Айтуынша, оны егістік алқаптарын аралап жүрген кезде тапқан.

Қазір қару сараптамада. Мылтықты тиісті тексеруден өткізген соң ер адамға ақшалай сыйақы төленеді. Полицейлер еске салады: тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру ғана оны сақтағаны үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Рейд барысында полицейлер тексеру үшін 50 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан Toyota автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көліктің жүксалғышынан ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы, сондай-ақ ТОЗ БМ мылтығының ұңғысы мен бөлшектері жатқанын байқады. Қару тіркелмеген болып шықты.

Ал елді мекендердің бірінде полицейлер 44 жастағы ауыл тұрғынының тіркелмеген VALTRO газды тапаншасын сақтау фактісін анықтады. Сараптама қарудың калибрі 9 мм. патрондармен атуға жарамды екенін көрсетті. Тәртіп бұзушылардың екеуіне қатысты әкімшілік материал жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру