Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкері республикалық отбасылық сайысқа жолдама алды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкері республикалық отбасылық сайысқа жолдама алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасы — адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап есігін айқара ашып қарсы алатын, өсіп-жетілетін, тәлім-тәрбие алатын киелі де қасиетті алтын бесік. Қай дәуірде, қай елде болсын, отбасының ұрпақ тәрбиесіне ықпалын ешбір қоғамдық институтпен салыстыруға келмейді. Бұл — өмір шындығы.
Отбасының ең басты қызметтерінің бірі — тәрбиелеушілік міндет. Мұны ешқандай қоғамдық тәрбие жүйесі толығымен алмастыра алмайды. Отбасының міндеті — тек ұрпақ әкелу ғана емес, сонымен қатар баланы қоғамның мәдени-әлеуметтік құндылықтарына бейімдеу, үлкен ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен тәрбиесін жас буынға жеткізіп, оны бойына дарыту. Яғни, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі — оны қоршаған орта мен қоғамға пайдалы тұлға етіп қалыптастыру.
Осы орайда №31 мекеменің тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы Д. Сабитова отбасымен бірге мектепішілік сайысқа қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс оларға республикалық отбасылар сайысына жолдама алуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта әділет лейтенанты Сабитова мен отбасы ұлттық деңгейде бақ сынамақ.