Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар арасында шағын футболдан командалық чемпионат өткізілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында шағын футболдан командалық чемпионат өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты.

Жарыстың басты мақсатыәскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнир қорытындысы бойынша:

I орын — әскерлерді басқару орталығының командасы;

II орын — автоматтандыру басқармасының командасы;

III орын —жауынгерлік даярлық бас басқармасы, әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді

Жеке номинациялар бойынша:

Үздік ойыншысерверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы(технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;

Үздік қорғаушыақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы Ұлан Борамбаев;

Үздік қақпашы — әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі Еркін Қабылов;

Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы(технигі) Сәбит Жақсыбаев.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайтуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру