Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заң және Тәртіп" қағидаты аясында электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы

2024 жылғы шілдеден бастап пробация қызметтерінде есепте тұрған сотталғандарды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті электрондық бақылау құралдарын қолдану тәжірибесін енгізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара қайта қылмыс жасаудың алдын алуға және белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде бостандығын шектеу және шартты түрде сотталғандарға қатысты 2,5 мыңнан астам құрылғы қолданылып отыр. Электрондық бақылау тәулік бойы есепте тұрған адамдардың жүрген жерін бақылауға және құқық бұзушылық әрекеттеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

ЭБҚ қолданылғалы бері жаза шарттарын бұзудың 1,8 мыңнан астам дерегі анықталып, тоқтатылды. Атап айтқанда, шамамен 1 400 мәрте белгіленген жүріп-тұру кестесі бұзылған, 200-ден астам өз бетінше шығу әрекеті тіркелген, тыйым салынған орындарға барудың ондаған дерегі анықталған және құрылғыларды әдейі сындырудың, бүлдірудің 250-ге жуық дерегі тіркелген.

Сотқа жіберілген 900-ден астам материалдың нәтижесі бойынша 470-тен астам сотталған адам қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Осылайша, электрондық бақылау құралдарын қолдану қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қайталанатын құқық бұзушылықтың алдын алуға және құқықтық тәртіпті нығайтуда өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру