БҚО-да полицейлер балалардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық акция өткізді
БҚО-да полицейлер балалардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен кең көлемді ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
Игі шара аясында тәртіп сақшылары мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арнап арнайы әзірленген ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратты. Бұл материалдарда жол қозғалысы ережелерінен бастап, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары, балалардың үйден кетуінің салдары және төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын әрекеттер туралы маңызды мәліметтер қамтылған.
Сондай-ақ ата-аналарға арналған үндеулер таратылып, бала тәрбиесіндегі олардың рөлі мен жауапкершілігіне баса назар аударылды. Полицейлер ата-аналарды балаларының күнделікті өміріне жіті көңіл бөліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді араласуға шақырды.
— Бұл акцияның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және олардың бейбіт әрі қорғалған ортада өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Қоғамдық қауіпсіздік – баршамыздың ортақ борышымыз, – деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Аталған іс-шара – балалардың өмір қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Ол ата-аналар мен қоғамда құқықтық сауаттылық пен сергектік деңгейін нығайтуға ықпал етеді.