Қызылордада полицейлер балаларды қуантты
Қызылордада полицейлер балаларды қуантты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз” деп атап өткен болатын. Сондай-ақ балалардың тәрбиесі мен өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
“Бала қуанса, әлем қуанады” деген ниетті алға тартқан қызылордалық полицейлер Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров жас өрендерді мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
— Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын демекпін. Сіздерге мықты денсаулық пен бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын, — деді О.Омаров.
Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында арнайы ұйымдастырылған мерекелік шара барысында балалар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің құралдарымен жəне техникаларымен жақынырақ танысты.
Бұдан бөлек, балаларды шығармашылыққа баулу, олардың қиялдарын жүзеге асыру арқылы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылды. Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әсем суреттер салынды.
Қатысушылардың көпшілігі шығармашылықтарын таныта отырып, өздерінің айқын қабілеттерін көрсетті. Суреттер жарқын, ерекше, ең бастысы мейірімді болды. Барлық балалар суретке деген өнерлерін көрсетті.
Бүгінгі іс-шараға аниматорлар шақырылды, олар балалар арасында конкурстар мен эстафеталар өткізді. Тəртіп сақшыларымен арнайы балалар үшін ұйымдастырылған бүгінгі мерекелік шара барысында балалар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұл мереке балалар үшін жарқын және есте қаларлық күн болды. Балалар полицейлерге алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.