Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Алматыда тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһардың Алмалы ауданының полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір тәулік ішінде екі пәтерге заңсыз кіріп, зергерлік бұйымдар, гаджеттер және басқа да бағалы заттарды ұрлаған. Қылмыстар бірнеше сағат аралығында және көршілес аулаларда жасалған.

- Күдіктінің жеке басы анықталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта екі ұрлық дерегі бойынша жеткілікті дәлелдеріміз бар. Сондай-ақ оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Аталған екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Полиция "Заң және тәртіп" қағидасы аясында әрбір қылмыстың жазасыз қалмайтынын еске салады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – басты басымдық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру