Түркістанда кәмелетке толмағандарға ішімдік сату фактілеріне тосқауыл қойылды
Түркістанда кәмелетке толмағандарға ішімдік сату фактілеріне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polіsia.kz.
Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректеріне тосқауыл қою мақсатында бірқатар алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Осы бағыттағы жұмыстар аясында арнайы әлеуметтік бейнеролик дайындалып, сатушылар мен кәсіпкерлердің заң алдындағы жауапкершілігіне қоғам назарын аудару көзделді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынған. Алайда жыл басынан бері бұл талапты ескермей, ішімдік сатқан 33 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, темекі өнімдерін сатудың 18 заңсыз дерегі тіркеліп, жолы кесілді.
Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін түсіндіру және рейдтік шараларды тұрақты түрде жалғастыратынын ескертеді. Жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағы — барша қоғамның ортақ жауапкершілігі.