Түркістанда "Мен полицей боламын" сурет байқауы өз мәресіне жетті
Түркістанда "Мен полиция боламын" сурет байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Мен полиция боламын!", "Менің ата-анам полицей" тақырыптарында шығармашылық сурет салу байқауы өтті.
Аталған сурет салу жарысына патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің 25 ұл-қызы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауда суретті жақсы салып, өз шығармашылығымен көзге түскен Мариям Абай - І орын, Балнұр Қалдыбай - ІІ орын, Айсұлу Сарсен - ІІІ орын жүлдегері атанды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына департамент басшылығының грамотасы мен сыйлықтары табысталды.

Шараға Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, ІІО-ның ардагерлері Есалы Нұржанов, Шаймерден Айтпенбетов, Батырхан Сансызбаев пен тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат арнайы қатысып, балалармен тілдесті. Олардың шығармашылығымен танысты. Ағалық ақыл-кеңестерін жеткізді.

Жалпы шараның мақсаты - жастардың полиция мамандығына деген құрметі мен қызығушылығын арттыру.

 
						
 
											