СҚО-да жас полиция қызметкерлері алғашқы қызметтік куәліктерін алды
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктер табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы маңызды сәтте заң күзетінде қызмет ете бастаған полицейлерді ведомство ардагерлері қолдауға келді. Олар жас полицейлерге абыройлы қызмет атқаруға, таңдаған мамандыққа адал болуға шақырды.
Салтанатты рәсім СҚО ПД мұражайында — қазіргі қазақстандық полицияның бастапқы сапында тұрған қызметкерлердің алдында өтті. Мұражай стендтерінен жастарға қызметтік борышын адал атқарып, өз өмір қиған батырлардың рухы сенім артады.
Полиция қызметінде жастардың адамдарға көмектесу мүмкіндіктері бар. Құқық қорғау органдарына әрдайым студенттік өмірден бірден келе бермейді. "102" арнасының операторы қызметіндегі Ольга Самтыкова осы уақытқа дейін 8 жыл бухгалтер болып жұмыс істеді.
- Бұл менің салам емес екенін түсіндім. Маған қарым-қатынас жасаған ұнайды, қиындыққа тап болғандарға көмектескім келеді. Мен әрқашан полицейлерге құрметпен қарадым, олар қорғауды қажет ететіндердің жанында деп ойладым. Мен бұл жұмыста өзімді сынап көруді шештім, - дейді ол.