Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицей тұрғынның өмірін құтқарып қалды

Абай облысында полицей тұрғынның өмірін құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында полиция қызметкерлері Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Жас жігіт Стас суға батып кеткен, ал оның жоғалғанын достары бірнеше минут өткен соң ғана байқаған. Көмек сұраған дауыстарды естіген полицейлер бірден суға секіріп, әрекет етті.

Полиция капитаны Бекзат Қайдаров – арнайы бөлімшенің дене дайындығы жоғары қызметкері – жігітті тереңнен тез тауып, судан шығарды. Жедел жәрдем келгенше, ол әріптестерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасады.

— Егер сол сәтте Бекзат жанымызда болмағанда, Стас тірі болмас еді. Ұлын осындай батыр етіп тәрбиелеген ата-анасына, сондай қызметкерлері бар полиция департаментінің басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Тағзым, – деді Стастың жақындары.

Полицейдің жедел әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында 18 жастағы студент аман қалды. Екі тәуліктен астам уақыт комада жатқан ол бүгін есін жиды. Жақындары Бекзат Қайдаровқа шынайы алғыстарын білдіріп, оны “періштедей қорғаушысы” деп атап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру