Түркістанда полиция студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістанда полиция студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.
Түркістан қаласының спорт кешенінде өткен студенттер арасындағы бокстан турнирде полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткінің зияны мен оның зардаптары туралы айтып берді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жастарға тақырыптық жадынамалар таратты.
Акцияның негізгі мақсаты - жастар мен өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін және есірткіні қолдануға тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыру.
Өз кезегінде спорттық турнирге қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл басқа жастардың да ынталануына ықпал етпек.