Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын құжаттарын рәсімдеуге көмектескен полицейге алғыс айтты

Шымкентте көші-қон қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасына құжат рәсімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі 68 жастағы қала тұрғынының өтініші бойынша көмек көрсетті. Тұрғынның мүмкіндігі шектеулі екі қызының жеке куәліктерінің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болған. Денсаулығына байланысты құжат рәсімдеу орындарына өздігінен бару қиындық тудырған.

Мәселенің маңыздылығын ескерген көші-қон инспекторлары азаматшаның үйіне арнайы барып, фотоға түсіріп, қажетті құжаттарды сол жерде рәсімдеген. Қысқа уақыт ішінде дайын болған жеке куәліктер пен төлқұжаттарын өз қолдарымен апарып табыстады.

– Көші-қон қызметкерлеріне айтар алғысым өте көп. Қыздарымды керекті құжаттармен қамтамасыз етіп, көңілімді жай тапқызды. Өздері алып келді, өздері суретке түсірді, жәрдем берді. Рақмет!, – деп, көзіне жас алды ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру