Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғандардың жолы кесілді

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғандардың жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметі басқармасы – көші-қон және паспорт жүйесі саласындағы маңызды міндеттерді жүзеге асыратын бөлімше. Павлодар облысының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде нысаналы тексерулер мен рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.

9 айдың қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын түрлі бұзғаны үшін 6 279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 1 504-і – шетел азаматы. Сот шешімімен 99 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен ел аумағынан шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 119 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын 595 шетел азаматы алды. Облыстың 254 тұрғынына елден тұрақты тұруға кетуге рұқсат берілді. Олардың 94-і алыс шетел мемлекеттеріне, ал 160-ы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне қоныс аударуға ниет білдірген.
Сонымен қатар өңірдің 64 961 тұрғыны жеке куәлікпен және паспортпен құжаттандырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру