СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында полиция эстафетасы өтті
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында полиция эстафетасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен ведомстволық мекемелер қызметкерлері арасында полиция эстафетасы өтті. Сайысқа барлығы 25 қызметкер қатысты.
Сайыс басталар алдында қатысушыларға департамент бастығының орынбасары Қанат Сүлейменов және арнайы шақырылған қонақ – ҚАЖ ардагері Николай Данилов ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. Дәстүрге сай шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалуымен ашылды.
Қатысушылар бес командаға бөлініп, кәсібиліктерін түрлі тапсырмалар арқылы көрсетті. Эстафета бағдарламасына "бёрпи" жаттығуын орындау, макаров тапаншасы мен калашников автоматын жинап-шашу, противогаз киіп, оқжатарға оқ салу, жүк көтеру және қол кісенін қолдану жаттығулары кірді.
Мұндай сайыстар – тек дене дайындығын тексеру ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда жедел әрі тиімді шешім қабылдай білу қажеттігін еске салатын маңызды тәжірибе. ҚАЖ қызметкерлері үшін салауатты өмір салтын сақтау, күйзеліске төтеп беру қабілеті мен командалық жұмыс – қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігіне тікелей әсер ететін маңызды қасиеттер.
Нәтижесінде: 1 орынды №66 мекеме; 2 орынды №52 мекеме; 3 орынды №50 мекеме иеленді. Сонымен қатар бірқатар номинациялар бойынша үздік қатысушылар анықталды.
Полиция эстафетасы – бұл қызметкерлерді жаңа жеңістерге жетелеумен қатар, ұйымшылдық рухын нығайтқан күш, төзімділік пен кәсібиліктің жарқын үлгісі болды.