Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер балалармен профилактикалық кездесу өткізді

Шымкентте полицейлер жазғы лагерьде балалармен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазғы лагерьде балалармен кездесіп, танымдық әңгіме жүргізді. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған.

Мамандар балаларға өз денсаулығына мұқият қараудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндірді. Тәртіп сақшылары бейтаныс адамдар ұсынған белгісіз заттарды ешқашан алмау керектігін, сондай жағдай туындаса, не істеу керек екенін қарапайым әрі түсінікті тілмен айтып жеткізді.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар қонақтарды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында полиция қызметкерлері балаларға көңілді және қауіпсіз демалыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру