Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция жүк көлігінің жүргізушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде

Жетісу облысында полиция жүк көлігінің жүргізушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда жүк көлігі жүргізушілерімен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Полицейлер жүргізушілерге көліктің сыртқы жарықтандыру құралдары мен габариттік шамдарының жарамдылығын үнемі бақылау қажеттігін түсіндіруде. Бұл көліктің қараңғы уақытта жол қозғалысының өзге қатысушыларына анық көрінуіне мүмкіндік береді.

Профилактикалық шара барысында жүк көлігі жүргізушілеріне көлік құралдарының түнгі уақытта көрінуін арттыратын жарық шағылыстырғыш ленталар да таратылуда.

Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын және жарықтандыру құралдарының жарамдылығын мұқият тексеріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру