Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері Медеу мұз айдынында күй шертті

Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері Медеу мұз айдынында күй шертті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық домбыра күніне орай және Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған имидждік-идеологиялық науқан аясында Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері оңтүстік астананың символдарының бірі – Медеу мұз айдынында бірегей патриоттық іс-шара өткізді.

ІІМ М.Есболатов атындағы академиясының курсанттары мен 80 полиция қызметкері “Балбырауын” күйін орындап, қайсарлық, бірлік пен қызметке адалдық танытты.

Іс-шара Отанға қызмет ету тек тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, мәдени мұраларды құрметтеу екенін еске салды.

— Ұлттық домбыра – мейірімділік қана емес, тарихқа, мәдениетке, осы жер бетінде бірге өмір сүріп жатқан халыққа деген құрмет. Медеу секілді жерде оркестрлік орындау – Қазақстан полициясының ішкі қуатын, бірлігін және халықпен байланысын білдіреді. Біз жастардың өз елі мен өз полициясымен мақтанғанын қалаймыз, — дейді ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аты аңызға айналған Медеудің таңдалуы мәдениет пен патриотизмді біріктірген шараның ерекше атмосферасын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру