Абай облысында полиция сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында сабақ өтті
Абай облысында полиция сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында сабақ өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының ұйымдастыруымен жеке құрамға қызметтік және кәсіби даярлық жүйесі аясында жоспарлы сабақтар өткізілуде.
Атап айтқанда, тәртіп сақшыларына арналған кезекті сабақ “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және онымен күресу” тақырыбында өтті. Сабақты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Саят Базанов өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау мен қызметтік адалдық қағидаттарын нығайту.
Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, құқық қорғау органдарының беделіне тигізетін кері әсері туралы айтып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің заңнамалық негіздері мен әрбір қызметкердің жауапкершілігі түсіндірілді.
Сабақ интерактивті форматта өтті, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіліп, полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін болады.