Маңғыстау облысында жедел-қызметтік жұмыстың қорытынды жиыны өтті
Маңғыстау облысында жедел-қызметтік жұмыстың қорытынды жиыны өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департамент бастығы Алтынбек Қалиевтің төрағалығымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жедел-қызметтік жұмыстың қорытынды жиыны өтті.
Жиынға департамент аппараты, мекемелер мен бөлімдердің басшылары қатысты.
Алтынбек Тұрарұлы жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында және Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың төрағалығымен өткен жиында берілген тапсырмаларды жеке құрамға жеткізді.
Сондай-ақ ол қызмет сапасын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, пробацияда есепте тұрған тұлғалардың қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдағы кезеңге арналған нақты бағыттарды іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.