Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери бөлімінде рухани кеш өтті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған “Бір күй – бір жүрек. Ұлттық ұлан үні!” атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның басты мақсаты — ұлттық өнерді ұлықтау, дәстүрлі күй өнерін насихаттау және әскери ортада рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Мерекелік кеш барысында көрермендерге ұлттық рухты көтеретін әсерлі күй мен ән тарту етілді. Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші-композитор Дүйсебай Шаштайұлы арнайы шақырылып, көрермендерді өзінің шебер орындауымен тәнті етті.

Сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі, жас күйші Нұрмаханбет Нұрдаулет, “Learn kids” оқу орталығының жас дарындары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың өнерлі балалары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңында бөлім командирінің атынан барлық қатысушыға алғыс хаттар табысталып, олардың өнерге қосқан үлестері мен белсенділіктері лайықты бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру