Жамбыл облысында полиция лагерьлерде профилактикалық іс-шаралар өткізуде
Жамбыл облысында полиция лагерьлерде профилактикалық іс-шаралар өткізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыс кезеңінде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығына ерекше көңіл бөлінуде. Жамбыл облысында полицейлер қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде белсенді түрде профилактикалық дәрістер өткізуде.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жеке қауіпсіздік негіздерін үйрету болып табылады.
Полицейлер балаларға қоғамдық орындарда және су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіруде. Ерекше назар буллингтің алдын алуға, алкоголь, темекі және басқа да зиянды әдеттерге жол бермеуге аударылуда.
Сонымен қатар балалармен ұжымдағы қарым-қатынас, заңның рөлі және жасалған әрекеттер үшін жеке жауапкершілік мәселелері талқыланады. Жасөспірімдер қызығушылықпен сұрақ қойып, өз пікірлерімен бөлісуде.
Дәрістер интерактивті түрде, көрнекі материалдар мен өмірден алынған мысалдарды қолдану арқылы өткізілуде.
Полицейлер профилактика қауіпсіздіктің кепілі, және мұндай кездесулер құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, балалар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтатынын атап өтті.