Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Футболшылар азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға болуға шақырады

Екібастұзда спортшылар азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға болуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласындағы "Шахтер" стадионында "Екібастұз ФК" және "Алтай ФК" командалары арасында футбол матчын өткізу кезінде киберполицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Полиция келушілерге қылмыстың ең көп таралған түрлері туралы және алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігі туралы айтып, көрермендер мен жанкүйерлерге жадынамалар таратты.

Тәртіп сақшылары акциясын "Екібастұз" ФК командасының жартылай қорғаушысы Үсенов Әділет те қолдады.

- Құрметті Екібастұз тұрғындары мен қонақтары! Зиянкестер өздерін мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық қызметтердің өкілдері ретінде көрсете алады. Телефонға келетін SMS-хабарлама кодын ешкімге бермеңіз. Сақ болыңыздар!, - деді ол.

Полиция тағы да азаматтарды қырағы болуға, телефон арқылы немесе мессенджерлерде өздерінің жеке деректерін, банк карталарының нөмірлерін, SMS-кодтарын хабарламауға шақырды. Егер біреу өзін банктің, полицияның немесе басқа да мекеменің қызметкері ретінде көрсетсе, бірден байланысты үзу керек.

Егер сіз алаяқтық әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу "102" арнасына хабарлаңыз, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру