Түркістан облысында жаңа шекаралық полиция бекеті салынуда
Түркістан облысының Жамбыл облысымен шекарасында жаңа шекаралық полиция бекетінің құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа ғимарат қыста қатты жел соғып, ауа райы қолайсыздық тудыратын Түлкібас ауданындағы таулы жерлерде салынуда. Ол заманауи жабдықтармен, техникамен, бейнебақылау камераларымен және автомобильдерге арналған тұрақпен жабдықталаты болады. Шекаралық бекеттің құрылысы ҚР ІІМ тапсырмалары және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда. Жаңа ғимарат полиция жұмысын ұйымдастыруды едәуір жақсартып, қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Ғимарат осы жылдың қазан айында тапсырылады деп жоспарлануда. Ғимараттың құрылыс барысы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің үнемі қадағалауында.
Сонымен қатар М.Қабденов жұмыс сапары барысында Сайрам ауданында орналасқан облыстық патрульдік полиция батальонының ғимаратын күрделі жөндеу барысымен танысты. Мұнда жеке құрамның жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасайтын жаңа шеру алаңы мен басқа да нысандар салу жоспарлануда. Департамент басшылығы полицейлерге жағдай жасау және материалдық-техникалық базаны жақсарту олардың жұмыс тиімділігін арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде облыстағы құқықтық тәртіпті және азаматтардың полиция қызметіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Полиция халықпен өзара іс-қимыл жасау және барлық азаматтар үшін қауіпсіз және жайлы орта құру жөніндегі жұмысты үздіксіз жүргізіп келеді.