Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция такси жүргізушілерімен жиналыс өткізді

Алматыда полиция такси жүргізушілерімен жиналыс өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында таксопарктер өкілдерімен, ірі интернет-платформалар операторларымен және жекелеген тасымалдаушылармен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және такси қызметі саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды.

Әсіресе, такси жүргізушілерінің күнделікті жұмысында “Заң және тәртіп” қағидасын ұстану, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлік құралдарының техникалық ақаусыздығы, жолаушыларға мұқият қарау, сондай-ақ еңбек және демалыс режимін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

— Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты міндет. Бұл тек полицияның емес, сонымен қатар тасымалдаушылардың да жауапкершілігі. Әрбір такси жүргізушісі адам өмірі оның жолдағы жүріс-тұрысына байланысты екенін түсінуі керек. Жол ережелерін сақтау, көліктің техникалық жарамдылығы және жолаушыларға деген құрмет – бұл ұсыныс емес, әрбір тасымалдау процесіне қатысушының тікелей міндеті. Біз профилактикалық жұмысты және такси секторы арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді жалғастырамыз. Заң мен тәртіп – жолаушылар тасымалы саласындағы кез келген кәсіби қызметтің негізіне айналуы тиіс, – деді, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Жиынға қатысушылар жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілер арасында тәртіпті нығайту және халықтың такси қызметіне деген сенімін арттыру жөніндегі өзекті мәселелер мен ықтимал бірлескен шараларды сындарлы түрде талқылады.

Алматы қаласының полициясы бұл бағыттағы жүйелі профилактикалық жұмыстарды операторлар мен тасымалдаушылармен бірлесіп жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру