Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

СҚО-да полицейлер Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ұлы ақын, ағартушы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Олар әскери бөлім мен Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге Иван Шухов атындағы кітапханасында болды.

Кітапхана қызметкерлері қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылған танымдық викторина өткізіп, оның өмірі мен халықтың тағдырына қатысты көзқарастары, сондай-ақ Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Іс-шара СҚО Полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты – полиция қызметкерлерін қазақстандық патриотизм, ұлттық дәстүрлер, үлкенге құрмет және әділеттілік рухында тәрбиелеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру