Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО тұрғынынан киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында полицейлер заңсыз қару мен киік мүйіздерін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келе жатқан полиция қызметкерлері кезекті заңбұзушылықтың жолын кесті.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Тасқала ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде санкцияланған тінту жүргізілді.

Тінту нәтижесінде тіркелмеген "Стечкин" автоматты тапанша мен оның оқжатары, "Сайга-410К" үлгісіндегі өздігінен атылатын тегіс ұңғылы карабин, екі тіркелген тегіс ұңғылы мылтық, әртүрлі калибрдегі 114 дана оқ-дәрі, сондай-ақ төрт дана киік мүйізі анықталып, тәркіленді.

Заңсыз сақталған барлық қару-жарақ пен жануар тектес өнімдердің 53 жастағы шаруа қожалығының басшысына тиесілі екені белгілі болды. Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру