Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Астанада “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт күнге созылған іс-шара қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 11 фактісі, бұрын жасалған 41 қылмыс ашылып, құқыққа қайшы контент орналастырылған 40 сайт бұғатталды.

Астана қаласы полиция департаментінің кибер қызметкерлері 4–7 тамыз аралығында өткен шараның нәтижелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында интернет-алаяқтық пен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жасалған ұрлықтар бойынша бұрын тіркелген қылмыстық істерді ашуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар онлайн және офлайн форматта, оның ішінде әлеуметтік желілерде, жаңалықтар порталдарында және қоғамдық орындарда өткізілді.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Онлайн төлемдер жасау кезінде тек сенімді төлем сервистерін пайдалану қажет; банк карталары мен реквизиттерін бөгде адамдардың қолы жетуі мүмкін жерлерде сақтауға болмайды; алдын ала төлем немесе тауар мен қызмет үшін кепілақша аударумен байланысты онлайн-төлемдерден бас тартқан жөн. Сондай-ақ желі қолданушыларының өтініші бойынша электронды әмияндарға, банк карталарына және SIM-карталарға ақша аударуға болмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру