Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция Дженнифер Лопестің концерті кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Алматыда полиция Дженнифер Лопестің концерті кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жылдың ең көп күтілген мәдени шараларының бірі – әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтті. Іс-шараға мыңдаған көрермен, соның ішінде басқа қалалар мен елдерден келген қонақтар жиналды. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін полиция күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жеке күзет құрылымдарының өкілдері мен еріктілер жұмылдырылды. Концерт өтетін алаң маңындағы көшелерде жол қозғалысын реттеп, кептелістердің алдын алған патрульдік қызмет экипаждары кезекшілік атқарды.

Көрермендердің алаңға жайлы әрі қауіпсіз өтуі үшін кіреберіс жерлерде металл іздегіш, турникеттер мен бейнебақылау камералары орнатылды. Өткізу режимін ұйымдастыру оң пікірге ие болды – тексеру мен билет қарау жылдам әрі кезексіз жүргізілді.

Концерт кезінде сахна маңында және адамдар көп жиналған аймақтарда патрульдік жасақтар, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полиция қызметкерлері кезекшілік етті.

Алматы қалалық ПД жедел штабы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, барлық келіп түскен өтініштерге жедел жауап беріп отырды. Шетелдік туристерге туристік полиция өкілдері көмек көрсетті: олар қала туралы, онда болу ережелері мен қауіпсіздік жайлы ақпарат беріп, бағдарлауға және бағыт табуға көмектесті.

Алматылықтар мен қала қонақтары іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, концерт барысында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін полицияға алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру