Түркістан облысында полиция тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістан облысында полиция тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасы бойынша "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында құқықтық тәртіпті қолдауға және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Бұл жолы іс-шаралар Бәйдібек және Созақ аудандарында патрульдік полиция батальоны мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Тұрғылықты жері бойынша 27 қару иесі және профилактикалық есепте тұрған 32 адам тексерілді, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар полиция "Қарасора — 2025" іс-шарасы аясында Бәйдібек ауданы тұрғындарының бірінің ауласынан құрамында есірткісі бар 2 түп өсімдік тәркіледі. Осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Іс–шара барысында 160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 140-тан астамы жол қауіпсіздігі бойынша. Екі жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шығу жайттары тоқтатылды, ал жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 21 көлік айыптұраққа қойылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушілер мен тұрғындарға ЖКО және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар 500-ден астам жадынама таратты. Құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.