Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда өткен садақ ату турнирінен ҚАЖД қызметкері жүлдегер атанды

Павлодарда өткен садақ ату турнирінен ҚАЖД қызметкері жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері Асель Изимова көздеген нысанасын дәл тауып, мергендігімен көпшілікті тәнті етті. Ол садақ ату турнирінде “Мергендік танытқаны және жеңіске деген жігері үшін” номинациясына лайық деп танылды.

Павлодар қаласында “Jebe” қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына орай садақ атудан әуесқойлар арасында қызықты да тартысты жарыс өтті.

Садақ ату — ежелден бері батырлық пен мергендіктің символына айналған спорт түрі. 1900 жылдан бастап жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген бұл өнер — шыдамдылықты, жүйке мықтылығын, өткір көз бен қуатты қолды талап етеді. Жеңіске жету үшін спортшының әр демі мен әр қимылы дәлдікпен үйлесуі қажет.

Бүгінде садақ ату әлемнің 140 елінде кеңінен дамып, соңғы жебе атылғанша жалғасатын нағыз ерік-жігер сынағы болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру