Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Заң мен тәртіп” сервисі іске қосылды

Қызылорда облысында “Заң мен тәртіп” сервисі іске қосылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында азаматтардың құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлауы үшін жаңа “Заң мен тәртіп” сервисі іске қосылды.

Бұл сервис EgovMobile және екінші деңгейлі банктердің (Kaspi, Halyk) мобильді қосымшаларына енгізілді. Енді тұрғындар құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты осы қосымшалар арқылы жолдай алады. Жіберілген хабарламалар тікелей “102” омниканалды жүйесіне түсіп, жедел басқару орталығында өңделеді.

Жыл басынан бері “102” омниканалды жүйесі арқылы 100-ден астам хабарлама келіп түскен. Олардың басым бөлігі автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері мен қоғамдық орындарды ластау фактілеріне қатысты болған.

Азаматтардың белсенділігі – құқық бұзушылықтың алдын алуға үлкен сеп. Полиция департаменті тұрғындарды бұл сервистерді белсенді пайдалануға және заң бұзушылықтарды ескерусіз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру