Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық ҚАЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды

Маңғыстаулық ҚАЖД қызметкері Айтжан Абдрахманов қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII спартакиадасы және "Динамо" ДШСҚ ҚБ ведомствоаралық XII спартакиадасы аясында қоян-қолтық ұрыс бойынша ірі сайыс өтті. Бұл додада еліміздің құқық қорғау органдары мен арнайы және күштік құрылымдарының таңдаулы спортшылары бақ сынап, өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.

Жарысқа Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің намысын қорғаған №43 мекеме қызметкері, әділет кіші сержанты Айтжан Абдрахманов 97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан табылды. Жеткілікті шынығуы мен табандылығының арқасында ол жүлделі үшінші орынға ие болды.

Бұл жеңіс – жеке спортшының ғана емес, бүкіл ҚАЖ департаменті ұжымының абыройын асқақтатқан жетістік. Айтжанның табысы қызмет пен спортты қатар алып жүрген әріптестеріне үлкен серпін беріп, жас буынға қайсарлық пен ерік-жігердің жарқын үлгісі болары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру