Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер отбасы мүшелерімен бірге тарихи-мәдени орындарды аралады

Ақтауда полицейлер отбасы мүшелерімен бірге тарихи-мәдени орындарды аралады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы түркі әлемінің астанасы атанған сәттен бері үш ай ішінде қалада 30-ға жуық ірі концерт пен мәдени шара ұйымдастырылды. Халық көп жиналатын осындай ауқымды іс-шараларда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Жүктеменің көптігіне қарамастан, тәртіп сақшылары жоғары кәсібилік танытып, азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етті, ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Жақында департамент бастығы С.Аяғанов қызметкерлердің сапалы еңбегін атап өтіп, алғысын білдірді.

Алғыс белгісі ретінде полиция қызметкерлеріне отбасымен бірге демалыс күнін өткізуге мүмкіндік берілді. Арнайы мәдени-туристік бағдарлама ұйымдастырылып, алдымен олар Әбіш Кекілбайұлы атындағы мұражайға барып, өлке тарихымен танысты. Кейін туристік автобуспен Ақтау жағалауын аралап, теңізге шығып, қайықпен серуендеді. Теңізден қалаға ашылған әсем көрініс ерекше әсер қалдырды.

Бұл күн полиция қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін бірлескен демалыс, қуаныш пен жаңа күш жинаудың сәті болды. Мұндай бастамалар департамент тарапынан қызметкерлерге қамқорлық көрсетіліп, отбасылық құндылықтарды қолдау басты назарда екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру