Сотталғандарға жаңа мүмкіндік: еңбекпен қамту және әлеуметтену жолы
Қостанай облыстық ҚАЖД-ға қарасты ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарға еңбекпен қамтуға және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін екі жаңа өндірістік нысан ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай кәсіпорындардың бірі металл конструкцияларын дайындауға маманданған "Stroy Service" ЖШС болды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 10 сотталушы жұмысқа орналастырылды. Ұйым басшылығы арнайы контингент қатарынан қосымша жұмыс күшін тартуды ескере отырып, штатты кеңейту туралы мәселені қарастыруда. Бұл сотталғандардың кәсіби өсуіне және олардың еңбек нарығында талап етілетін еңбек дағдыларын дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Екінші ірі кәсіпорын шикізатты өңдеу және бетон қоспасын өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын "Вадиса М" ЖШС болды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 19 сотталушы жұмыс істейді. Бұл ынтымақтастықтың маңызды ерекшелігі — жазасын өтегеннен кейін жұмыс беруші бұрынғы сотталғандарға тегін баспана, сондай-ақ олардың толық әлеуметтенуі мен қоғамға бейімделуі үшін барлық қажетті жағдайды беруге дайын.
Түзеу мекемесінің базасында жұмыс орындарын құру рецидивтік қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар сотталғандарға әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге, кәсіби дағдыларды игеруге, сондай-ақ бостандықта дұрыс өмір сүру үшін берік негіз қалауға мүмкіндік береді.
Мұндай бастамалар жазаларды орындау және әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементі саналады.