Есірткісіз өмір: Алматыда ауқымды спорттық іс-шара өтті
Алматыда "Есірткісіз өмір" ұранымен қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Қазақстанның толық контактілі қоян-қолтық ұрыс Федерациясының қолдауымен ұйымдастырды.
Жас спортшылар күш-жігері мен төзімділігін ғана емес, сонымен қатар қарсыласқа деген құрметін, адал күреске деген ұмтылысын және салауатты өмір салтына деген бейілділігін көрсетті. Залда нағыз спорт рухы, достық бәсекелестік пен жастықтың жігері сезілді. Турнир спорттың тұлғаны тәрбиелеудегі маңызын айқын көрсетті. Әр қатысушы лайықты марапатқа ие болып, ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтардың қолдауын сезінді.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа есірткінің өмір мен болашақты бұзатынын, ал спорт күшке, сенімділікке және табысқа жол ашатынын түсіндіру.
– Біздің міндетіміз – жастарға дұрыс бағыт көрсету. Салауатты өмір салтын таңдау – есірткісіз болашақты таңдау, - деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.