Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада учаскелік полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Астанада полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 35 жастағы тұрғынның өмірі аман қалды.

Куәгерлер "102" пультіне хабарласып, сегізінші қабаттың балконында ер адамның өз-өзіне қол салмақ ниеті бар екенін жеткізген. Оқиға орнына дереу учаскелік инспекторлар Сымбат Базаров пен Шыңғыс Исламжанов барды. Жағдайды бағамдаған олар ер адамды әңгімеге тартты. Оңтайлы сәт туғанда Сымбат Базаров батылдық танытып, ер адамды ұстап қалып, балконнан қауіпсіз жерге шығарып алды.

Зардап шеккен азаматқа дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл оқиға тағы да кәсібилік пен адами жанашырлықтың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру