Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер ҚАЖД мекемесінің кіапханалық қорына кітаптар табыстады

Алматы облысында полицейлер ҚАЖД мекемесінің кіапханалық қорына кітаптар табыстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында есірткі қылмыстарына қарсы иммунитет қалыптастыруға және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы наркобұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп, №12 ҚАЖД мекемесінің кітапханалық қорына сотталғандарға арналған кітаптар партиясын табыстады. Іс-шараға Талғар ауданының депутаты, наркобұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі Марат Алиманов, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Табысталған кітаптар көркем және классикалық әдебиеттерді, ғылыми-танымдық еңбектерді қамтиды. Олар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтуге, моральдық құндылықтарын нығайтуға және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, өздігінен даму ұмтылысын оятуға, заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға және қоғамға толыққанды азамат болып оралуға бағытталған.

– Біз кітаптар рухани және мәдени дамуда сенімді серік болады, жаңа білімге, шабыт пен болашаққа деген үмітке жол ашады деп сенеміз, – деді Кеңес өкілі Марат Әліманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру