Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда полиция жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілерін анықтады

Жезқазғанда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған үйлену тойы кортежін анықтады.

Камера жазбаларында бірнеше жүргізушінің жол ережесін елемей, қауіпті маневр жасағаны, өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіргені айқын көрінеді.

Аталған дерек бойынша тәртіп сақшылары жедел шара қолданып, төрт автокөлік жүргізушісін жауапқа тартты. Сонымен қатар олардың көліктері айыптұраққа қойылды.

Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе мерекелік кортеждер кезінде жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет болып табылады және міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Құрметті қала тұрғындары! Полиция қызметкерлері бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауда ұстайды. Әрбір құқық бұзушылық дерегі назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру