Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме дәрісі ұйымдастырылды

Елордада №68 гимназияда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында Сарыарқа ауданының полиция басқармасы қызметкерлері, прокуратура, комитет және әкімдік өкілдерінің қатысуымен оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме дәрісі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу.

Кездесу барысында мамандар құқық бұзушылық жасаудың заң алдындағы жауапкершілігі, оның болашақтағы өміріне, қоғамдағы орнына және ата-анаға келтіретін қиындықтарына тоқталды. Жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірілді.

Вандализм тақырыбы ерекше қозғалды. Қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру, ғимарат қабырғаларына жазу, сурет салу немесе заттарды сындыру сияқты әрекеттердің қоғамға зияны және заңмен қатаң жазаланатыны түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, әрбір азаматтың, әсіресе өскелең ұрпақтың саналы таңдауына байланысты екені атап өтілді.

Оқушылар дәріс өткізушілерге белсенді түрде сұрақ қойып, құқықтық тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті. Дәріс соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған кеңестер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру