Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ұсақ бұзақылық дерегі тіркелді

Павлодарда ұсақ бұзақылық дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және Тәртіп тұжырымдамасын іске асыру аясында павлодарлық полицейлер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

- Мәселен, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Павлодар қаласының Торайғыров көшесінде екі ер адамның қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналадағы азаматтарға құрметсіздік танытқан сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Бұл дерек бойынша ұсақ бұзақылыққа қатысты әкімшілік материалдар жиналып, іс сотқа жолданды, – дейді Павлодар облысы ПД.

Полицейлердің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – құқықтық тәртіптің басты кепілі. Өкінішке қарай, кейбір азаматтардың "бәріне рұқсат" деген көзқарасы елеулі заң бұзушылықтарға алып келуі мүмкін.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегін тіркеп, олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық орындардағы әдеп нормаларын сақтауға, ұсақ құқықбұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. "Заң және Тәртіп" қағидаты ең алдымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғанын еске салады. Әрбір құқық бұзушы өз іс-әрекеті үшін сөзсіз жауап беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру