Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер 14 мыңнан астам үйді аралады

Ақтөбе облысында полицейлер 14 мыңнан астам үйді аралады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында өтіп жатқан республикалық "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара аясында учаскелік инспекторлар мен полицияның басқа да қызметтерімен бірлесе отырып бүгінге дейін 14 мыңнан астам тұрғын үй, соның ішінде саяжай телімдері мен жеке үйлер тексерілді.

Тексеру барысында көші-қон заңнамасының сақталуына, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ іздеуде жүрген немесе әкімшілік бақылаудағы тұлғаларды анықтауға ерекше көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ азаматтық қару иелерін тексеруге бағытталған рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Қару сақтау талаптарын бұзу деректері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

Құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы қызметінде "Заң және тәртіп" қағидаты әлі де басты негіз болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру