Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіленді

СҚО-да ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол синтетикалық есірткі заттарын сатты деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті психотроптық заттарды тарату мақсатында Солтүстік Қазақстанға барған.

Тексеру кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 21 орама және ішінде осындай 30 орамасы бар пакет тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл мефедрон екені анықталды, жалпы салмағы 76 грамнан асты.

Мефедрон – аса қауіпті психотроптық заттардың бірі. Ол басқа синтетикалық есірткілердің өзімен салыстырғанда да тез тәуелділік тудырып, адам ағзасына аса жойқын әсер етеді.

Ұстау шарасы “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Биылғы 8 айдың ішінде СҚО-да заңсыз айналымнан 475 келіден астам түрлі есірткі заты алынды. Оның ішінде 4 келіден астамы – аса қауіпті синтетикалық есірткілер. Жыл басынан бері полицейлер 196 есірткі қылмысын әшкерелеп, соның 94-і сату фактісі болды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Себебі есірткі адамдардың өмірін күйретіп, өңір тұрғындарының денсаулығына тікелей қатер төндіреді. Заңсыз есірткі айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру