Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробациялық есептен жалтарған ер адам ұсталды

СҚО-да пробациялық есептен жалтарған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тимирязев ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері есепке қойылудан жалтарған 45 жастағы ер адамның орналасқан жерін анықтады.

Бұған дейін ол алаяқтық жасағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын. Сот шешіміне сәйкес, үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күннің ішінде пробация қызметіне келіп, есепке тұруға міндетті еді. Алайда ол бұл талапты орындамағандықтан іздеуге жарияланды.

Тимирязев және Айыртау аудандарының пробация қызметі мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде жазадан жалтару мақсатында отбасымен бірге кеткен сотталған адам Солтүстік Қазақстан облысының Қарақамыс ауылынан ұсталды.

- Аталған дерек бойынша пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сотқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдар жолдады. Осылайша, сотталған азамат қоғамнан оқшауланбай-ақ жазасын өтеу мүмкіндігін пайдаланбай, жағдайын одан әрі қиындатты, – деп атап өтті ҚАЖ департаментінде.

Пробация қызметінде атап өткендей, мұндай оқиғалар заңнан жалтарудың еш пайда әкелмейтінін көрсетеді, ал жазадан қашу әрекеті тек қана жауапкершілікті күшейтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру